Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы,

ЖШС «Бес жұлдыз» бөбекжай балабақшасы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» №319 Заңының 59 бабы, 4-1 тармағына және Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2025 жылғы 07-қараша №1632 бұйрығы бойынша өзін-өзі бағалау аттестаттау комиссиясы 05 қаңтар 2026 жылғы №1 бұйрықпен құрылды.

Аттестаттау комиссиясының құрамы

  • А

    А.М.Чавкенова

    Балабақша меңгерушісі

    Комиссия төрайымы
  • М

    М.Д.Насирова

    Балабақша әдіскері

    Комиссия мүшесі
  • Л

    Л.Б.Мамбетова

    Балабақша тәрбиешісі

    Комиссия мүшесі
  • Г

    Г.Т.Чинибекова

    Балабақша медбикесі

    Комиссия мүшесі
  • А

    А.Н.Тәжібай

    Балабақша психологы

    Комиссия мүшесі

Өзін-өзі бағалау іс-жоспары түзілді және соған сәйкес жұмыстар жүргізілді. Бағаланатын кезеңдерге сәйкес талдау жасалатын құжаттар дайындалды және олардың барлығының көшірмелері түпнұсқадан сканерленген ПДФ форматталған файлдарға салынды және балабақшаның ресми сайтына жүктелді.

ЖШС «Бес жұлдыз» бөбекжай-балабақшасы екі жыл және ағымдағы жылдың тамыз айына дейінгі оқу-процесін зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия қызметтің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау қортындысын ұсынады.

Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы

ЖШС «Бес жұлдыз» бөбекжай балабақшасы туралы ақпараттық анықтама

1 Мектепке дейінгі ұйымның атауы Түркістан облысының Сарыағаш ауданы білім бөлімінің ЖШС «Бес жұлдыз» бөбекжай балабақшасы
2 Орналасқан жері Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы а/о, И.Бабакулов көшесі №13А
3 Байланыс деректері 📞 87012845354 ✉️ beszhuldyz76@mail.ru 🌐 https://besjuldiz.edu.kz
4 Басшы Гуламова Гүлчехра Эркиновна (2018 жылғы 1 наурыздағы №01 бұйрық)
5 Мемлекеттік тіркеу 08.02.2016 жылы тіркелген. БИН: 160240008569
6 Рұқсат беру құжаттары KZ38RVK00020270 (31.05.2019) KZ73VWF00584627 (10.06.2026) KZ85VWF00584702 (11.06.2026)
7 Құрылған жылы 2015 жыл
8 Ғимарат түрі Екі қабатты типтік үлгі
9 Топтар саны 21 топ
10 Оқыту тілі Қазақ тілі, Орыс тілі
11 Жұмыс аптасы 5 күндік
12 Ауысым саны І ауысым және ІІ ауысым
13 Жобалық әлует 500 орындық. Қазіргі таңда 495 тәрбиеленуші

Балабақша ғимараты типтік үлгіде. Балабақша 500 орындық, қазіргі таңда 495 тәрбиеленуші жас ерекшеліктеріне қарай 21 топқа топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін, 10,5 сағат жұмыс жасайды.

Топтар тізімі (495 тәрбиеленуші, 21 топ). Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде және орыс тілінде тәрбиеленуде

кіші «Балдырған»
кіші «Балауса»
кіші «Еркетай»
кіші «Зайчик»
кіші «Ромашка»
ортаңғы «Дастан»
ортаңғы «Балапан»
ортаңғы «Радуга»
ортаңғы «Звёздочки»
ортаңғы «Ласточка»
ересек «Ботақан»
ересек «Кораблик»
ересек «Радость»
ересек «Бәйтерек»
ересек «Капельки»
мад «Буратино»
мад «Колобок»
мад «Теремок»
мад «Солнышко»
мад «Гүлдер»
мад «Кәусар»

Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа меңгеруші кабинеті, әдіскер кабинеті,консультациялық пункт, психолог, логопед кабинеттері, думан залы, тұзды шахта, мед кабинет, асхана ,қойма, кір жуу блогы бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері автономды. Су орталықтандырылған. Балабақша өрт дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Түркістан облысының полиция департаменті Жедел басқару бейне бақылау камералары интеграция жасалған 19.01.2025ж. Домофон орнатылған 01.03.2018ж, ТОО SIRGELI лицензия №TK/019 охрана агенство қарастырылған.

Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал - сайман жабдықтармен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, шырша ағаштары, қара ағаш т.б. жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңында әр топтың ауласы бөлек, балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен бірге әр аулаға бала отырып демалатын саялы көлеңкелі ойын алаңдары қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған алаңы бар.

Техникалық жабдықтар

  • Теледидар 21 дана
  • Ноутбук 14 дана
  • Түсті принтер 12 дана
  • Принтер 4 дана
  • Компьютер 2 дана
  • Интерактивті тақта 1 дана
  • Проектор 1 дана
  • Тақта 21 дана

Арнайы бөлмелер мен қауіпсіздік

  • 🏢 Меңгеруші кабинеті
  • 📚 Әдістемелік кабинет
  • 🧠 Психолог және логопед кабинеттері
  • 💊 Медициналық кабинет (емшара + оқшаулау бөлмесі)
  • 🎭 Думан залы
  • 🧂 Тұзды шахта
  • 🔥 Өрт дабылының автоматты жүйесі
  • 📹 Бейнебақылау (полиция департаментімен интеграция — 19.01.2025)
  • 🔒 Домофон (01.03.2018), охрана агентствосы

Топтардағы дамытушы кеңістік орта

Денсаулық бұрышы
Қауіпсіздік ережелері
Ұлттық бұрыш
Ойыншықтар сөресі
Кітап бұрышы
Табиғат бұрышы
«Денсаулық» бағдарламасы
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы
«Адал азамат» бағдарламасы

Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,«Біртұтас тәрбие» «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», «Кітап бұрышы», «Табиғат бұрышы», дамытушы кеңістік орта жасақталған.